Қоғам

Енді сенбі күні де жұмыс істейді

Ержан Әбіш

Өскемен мен Семейдегі кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгерді.

Енді ХҚО-лар мереке күндерін қоспағанда, сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұған дейін олар сенбі күні қызмет көрсетпейтін. Ал жұмыс күндері олардың кестесі өзгеріссіз қалады –  9.00-ден 20.00-ге дейін.

Басқа ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9.00-ден 18.00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады.

– Жаңа жұмыс кестесі ХҚО-лардың тиімділігін арттырады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egovmobile қосымшасы арқылы да онлайн алуға болады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Кезекші ХҚО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар. Өскеменде Белинский көшесі 37А, ал Семейде Момышұлы көшесі 22 мекенжайларында  орналасқан.

Осы айдарда

Back to top button