Қоғам

Енді көлігіңізді АвтоЦОН-да сақтандыра аласыз

Ержан Әбіш  

Енді автокөлікті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (АвтоЦОН) тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде клиент сақтандыру полисін сатып ала алады. Басқа терезелерде кезекке тұрудың немесе «көмекшілер» арқылы сақтандыруды ресімдеудің қажеті жоқ.

Қазір бұл қызмет Өскемен мен Семейде қолжетімді.

Автокөлікті қайта тіркегеннен кейін клиенттерге сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады.

– Мамандандырылған ХҚО-да автокөлікті сақтандыру уақыт үнемдейді. Бір терезеде көлікті қайта рәсімдеп, оны бірден сақтандыра аласыз, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының директоры Азамат Есембулов.

Автокөлікті мобильді банктік қосымшалардың көмегімен қайта ресімдеуге болады. Мобильді банкинг арқылы көлікті қайта тіркеу сервисі Kaspi және Halyq Homebank қосымшаларында онлайн қолжетімді. Көлікті сату не сатып алу үшін қосымшаны ашып, «төлемдер» санатын таңдау керек. Бұдан әрі «Мемлекеттік қызметтер, айыппұлдар мен салықтар» төлем түрін ашып, тізімнен «Автомобильді қайта ресімдеу» қызметін табасыз. Мұнан соң әрекеттердің екі нұсқасы ашылады – сатушы мен сатып алушы үшін.

Тіркеу барысында сатып алушы мемлекеттік баж салығын төлеп, нөмір таңдайды. Сатып алушы машинаны тіркегеннен кейін арнайы шоттан ақша автоматты түрде сатушыға аударылады. Осылайша, бірнеше рет басу арқылы мамандандырылған ХҚО-ға жүгінбей, көлікті қайта ресімдеуге болады.

Осы айдарда

Back to top button