Қоғам

Енді банк қосымшалары арқылы рәсімдеуге болады

Ержан Әбіш

Бала туу және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшалары арқылы қалай рәсімдеуге болады? Осы қосымшалардың арқасында жас аналарға халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Kaspi.kz немесе Halyk Homebank мобильді қосымшасына кіру қажет. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау қызметін таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және СМС жіберіледі.

– Бұрын жәрдемақыға өтінімді ХҚО, eGov.kz порталы немесе проактив тәсілімен жолданған СМС-ке жауап беру арқылы ғана алуға болатын. Енді жәрдемақыны банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі пайда болды. Сондай-ақ бізде экстерриторриалды қағидат енгізілген. Баланың туғанына байланысты жәрдемақыны жас аналар тұрғылықты жеріне қарамастан, кез келген ХҚО арқылы рәсімдей алды. Бұл – жас аналар үшін жақсы мүмкіндік, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызы.

Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс беруге болады.

Мамыр айынан бері 1618 жас ана СМС арқылы және мобильді қосымша арқылы бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы рәсімдепті.

Осы айдарда

Back to top button