Денсаулық сақтау

Енді емдеу мекемелерін тұрғындардың өздері таңдайды

Енді емдеу мекемелерін тұрғындардың өздері таңдайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 2013 жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз» – делінген-ді.

Елбасының осы тапсырмасына орай, жер-жерлерде медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру-дың сан алуан шаралары жүргізілуде. Сондай шаралардың бірі осыдан былай облыс тұрғындары өздері қаралатын медициналық мекемелерді өз еріктерімен таңдап, ақы-пұлсыз емделе алатындығы болып табылады.
Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сергей Попов журналистерге арналған брифинг-басқосуда мәлімдеді.

– Өз медициналық мекемесін таңдаған тұрғындарды тіркеп-бекіту қыркүйектің 15-інен бастап, екі ай бойы жүргізіледі. Тұрғындарды медициналық мекемелерге, яғни, дәрігерлік амбулаторияларға тіркеу азаматтардың тұрғылықты не болмаса уақытша тұрып жатқан жерлерінде, ал студенттер қауымы білім алып жатқан мекеменің дәрігерлік әкімшілігінде жүзеге асырылады. Оларға берілген тіркеу талоны емханалар мен дәрігер-лік амбулаторияларға тіркеліп, тегін дәрігерлік көмек алуын дәлелдейтін құжат болып есептеледі. Емханаларға тіркелу үшін көп құжаттың да қажеті шамалы. Ең бастысы, азаматтың жеке басын анықтайтын куәлігі мен міндетті түрде салық төлеушінің жеке номері болуы керек. Ал қалалы жерлердегі саяжайларда тұрып жатқан тұрғындар саяжайлары орналасқан әкімшілік аумақта тіркеуден өтулері тиіс, – дейді облыстың бас дәрігерінің орынбасары.

Басқосуда С.Попов медицина саласына байланысты журналистер тарапынан қойылған басқа да сауалдарға тұщымды жауап қайтарды.

Серік Құсанбаев

Осы айдарда

Back to top button