Қоғам

Енді Азия және әлем чемпионатына қатысады

  Енді Азия және әлем чемпионатына қатысады

Ұлан ауданының жас балуандары Атырау қаласынан олжалы оралды.

Еліміздің батысында өткен грек-рим және еркін күрестен IV жастар ойындарына облыс құрамасы сапында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері да аттанған болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша спорт мектебінің директоры, халықаралық дәрежедегі төреші М.Буденов бастап барған ұландық балуандардың бірнешеуі жүлделі орындарға ілінді.

Атап айтқанда, 63 келіге дейінгі қыздар бәсекесінде Әзиза Нұрмұқамбетова үшінші орын алса, 84 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алмаз Жүнісов жарыс жеңімпазы атанды.

Осы орайда, чемпион атанған Алмаз алдағы маусым айында Тай елінің астанасы Бангкок қаласында өтетін Азия чемпионатына және шілдеде Финляндияның Хельсинки қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алғанын айта кеткен жөн.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button