Тәжірибе

Еңбекті қорғау – кәсіпорын табысының кепілі

Риддер қаласында 2019 жылдан бастап жас кәсіпорын – «Ақ жол Шығыс» ЖШС табысты жұмыс істеуде, ол шағын кәсіпкерлік субъектісі саналады және құрылыс-монтажтау жұмыстарымен айналысады.

2020 жылы кәсіпорынды Инна Устьянцева өз басқаруына алды. Ол – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (ШҚТУ) «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша түлегі. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мамандығы бойынша инженерлік-техникалық қызметкердің біліктілік аттестаты бар инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша шебер. Бүгінгі таңда мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 10 жыл.

Директор лауазымына кіріскен Инна Владимировна команда алдында бірінші кезектегі міндетті – кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыру екенін айқындады.

– Біз үшін басты құндылық – адам, оның өмірі мен денсаулығы. Біз өз қызметкерлеріміздің әрқайсысын зиянды және қауіпті факторлардан кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз етуге міндеттіміз, – деп түсіндіреді директор. – Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дұрыс ұйымдастырылған жұмыс қызметкерлердің тәртібін арттырады, ал бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттыруға, жазатайым оқиғалардың және өзге де оқыс жағдайлардың алдын алуға әкеледі. Осылайша өндірістің тиімділігі мен сапасы артады.

Кәсіпорын «Казцинк» ЖШС нысандарында жұмыс істейді. «Казцинк» ЖШС-де еңбекті қорғауға жауапкершілікпен қарайды, қауіпсіздік техникасы бойынша мамандардың жұмысы дұрыс жолға қойылған. Объектілерге жаңадан кіргендерге жұмыс жүргізу кезінде олар кураторлық етеді. Жас кәсіпорын үшін бұл – жұмысшылардың еңбегін қорғау саласындағы барлық ережелерді, техникалар мен басқа да жағдайларды сақтай отырып, жұмыс процесін ұйымдастырудағы ең құнды тәжірибе.

Еңбекті қорғау қызметкерлердің тікелей міндеттерін орындау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген іс-шараларды қамтиды. Мысалы, барлық қызметкерлер кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. Ал ауыр физикалық жұмыстарға, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарға жаңадан қабылданған жұмысшылар алдын ала өткен медициналық тексеру негізінде ғана рәсімделеді. Осы іс-шараны орындау үшін «Ақ жол Шығыс» ЖШС Риддер қаласындағы «Амбулаториялық орталық» мекемесінің филиалымен шарт жасасқан.

Алдын алудың тағы бір шарасы – кәсіпорын өз қызметкерлеріне санаторий-курорттық емделуге жолдамалардың бір бөлігін төлеуді өз мойнына алады.

– Биыл қызметкерлерді тағы бір жақсы жаңалық күтіп тұр – біз Бұқтырма су қоймасында отбасылық демалыс үйлерін жалға алуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Казцветметремонт» ЖШС директоры Андрей Кандиусовқа алғыс білдіргім келеді, ол әрқашан жұмыс бабы бойынша нақты кеңестерімен қолдау көрсетеді. Жұмыс үзілістері кезінде қызметкерлеріміздің толыққанды демалысы мен тамақтануын ұйымдастыру үшін өзінің тұрмыстық үй-жайын пайдалануға мүмкіндік берді, – дейді Инна Владимировна.

Кәсіпорында қабылданатын еңбекті қорғаудың маңызды шарасы – қызметкерлерді қажетті жеке қорғаныс құралдарымен, жеке сақтандыру жүйесімен, арнайы киіммен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.

Барлық жұмысшылар міндетті түрде қауіпсіздік ережелері, қауіпсіз еңбек әдістері мен тәсілдері бойынша «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер» 12.0.004-90 МемСТ белгіленген тәртібі бойынша оқытудан және нұсқаулықтан өтеді. Бірнеше кәсіп бойынша жұмыс істейтін жұмысшылар да оқытылады, білімі тексеріліп, кәсіптердің әрқайсысы бойынша еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық алады. Осы міндеттерді орындау үшін кәсіпорын «Global» оқыту орталығымен жұмыс жүргізуде.

Инна Владимировнаның басшылығымен «Ақ жол Шығыс» кәсіпорнында барлық жұмыс түрлеріне және әрбір кәсіпке (оның ішінде сабақтас кәсіптерге) еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленіп, белгіленген тәртіппен бекітілді. Еңбек өнімділігінің артуына әкелетін қызметкерлерді материалдық ынталандыру үшін «Еңбекақы төлеу және ынталандыру жүйесі туралы ереже (қызметкерлерге еңбекақы төлеу)» енгізілді.

– Кәсіпорын басшысы ретінде еңбекті қорғау мен үшін бірінші орында тұрады. Кәсіпорын қызметінің ондаған көрсеткішінің ішінен өз қызметкерлерімнің еңбегі мен денсаулығын қорғауды экономикалық тиімділікпен, персоналдың біліктілігімен және құзыреттілігімен бірге бірінші орынға қоямын, – дейді Инна Устьянцева.

«Ақ жол Шығыс» ЖШС ұжымының еңбекті қорғауды ұйымдастырудағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Амантай Шәріпқазин,

облыстық мемлекеттік

еңбек инспекциясы басқармасының

бөлім басшысы

Back to top button