Қоғам

Еңбеккерлер мүддесі маңызды

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен облыстық сайлауалды штабтармен zoom-конференция өткізді. Кандидат үш облыстағы сапарының нәтижелері туралы айтты.

Сенімді тұлғалар өңірлердегі штабтардың жұмысы туралы есеп берді. Кездесуде науқанға, кандидаттың жоспарланған сапарларына қатысты бірқатар мәселе көтерілді.

Бүгінгі таңда ел бойынша 14 облыста сайлауалды штаб ашылған. Басқа өңірлерде кандидаттың сенімді өкілдері жұмыс істейді. Жиыны 130-дан астам азамат сенімді өкіл екенін растайтын куәлік алған.

Күннің екінші жартысында М.Қажыкен кәсіподақтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу тақырыптарын талқылады.

Тараптар үш қатысушы – Үкімет, жұмыс беруші мен кәсіподақ қол қоятын басты келісім еңбеккерлердің мүддесін жеткілікті деңгейде қорғамайтынын айтты.

– Бізде еңбеккерлер мен жұмыс берушілер көп жағдайда бір-біріне сене бермейді. Мұның бәрін реттеу керек, – деді кандидат.

Кездесуге қатысушылар қолданыстағы үшжақты басты келісімді күшейту қажет деген пікірге келді.

 

Осы айдарда

Back to top button