Қоғам

Ең қадірлі мамандық

Құрметті жерлестер!

Бүгінде өздерінің кәсіби мерекелерін мұғалімдер атап өтуде, оларсыз біздің өмірімізді елестету мүмкін емес. Олар бізді білім нәрімен сусындатып, бағыт-бағдар береді, дұрыс таңдау жасауға және «кім боламын?» деген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Мұғалім – бұл жай ғана мамандық емес, бұл құрметті миссия, өйткені мұғалім мамандығын адамдар жүрек қалауымен таңдайды. Әркім өзінің алғашқы ұстазын жадында мәңгі ұстайды, өйткені олар бізді алғаш қолымыздан жетектеп, қоршаған әлемнің қаншалықты қызықты әрі жан-жақты екенін ұғындырды.

Бүгінгі таңда сапалы орта білім беру – мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің кілті, ал Шығыс Қазақстан педагогтары оқу процесін жаңғырту, оны қызықты әрі танымды ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Өз тарапымыздан біз біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырып, көптілділік бағдарламасын іске асырып, мектептерді заманауи техникамен және әдебиетпен жарақтандырып келеміз. Аймақта үш ауысымдық оқыту толығымен жойылған және жыл сайын білім беру мекемелерінің барлық стандарттарына сәйкес мектептер салынуда. Биылдың өзінде ауылдық жерлерде төрт жаңа оқу орны пайдалануға берілмек. Біздің балалар жайлы жағдайда білім алуда, олар орта мектептен бастап робототехникамен және мехатроникамен айналысып, IT-технологиялар әлемімен танысып отыр. Алайда мұғалімдердің балаларға, мамандыққа, білімге деген сүйіспеншілігі болмаса, мұның бәрі пайдасыз болар еді.

Мен барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, баянды бақыт және еңбектеріне табыс тілеймін! Мұғалімдер күні құтты болсын!

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button