Қоғам

Елорданы аралап қайтты

Елорданы аралап қайтты


Астана күні қарсаңында Катонқарағай ауданының бір топ оқушылары елорданы аралап қайтты.

«Отанымның елордасы – Астанамен танысамын» жобасы аясында аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Гүлнара Оралованың ұйымдастыруымен 40 оқушы Астана қаласының көрікті жерлерімен танысты. Бұл оқушылар аз қамтылған және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар еді.

Бәйтерек, Ханшатыр, Аквапарк, Пирамида, Ұлттық мұражай сынды мәдени-демалыс орындарын көзбен көрген оқушылар мәз-мәйрам болды. Автобуспен түнгі қаланы аралап, ертеңінде есіп аққан Есілде катермен қыдырды. Кешкілік барлық мүмкіндіктері қарастырылған қонақ үйде тұрақтады. Ал оқушылардың денсаулығын бірге барған медбике Ажар Көбелекова қадағалап отырды.

Әдіскер Гүлнара Оралованың айтуынша, жаз соңына дейін тағы да 40-50 баланы Астана қаласына экскурсия жасатып қайту жоспарда бар.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button