Қоғам

Еліміздегі тұңғыш ситуациялық орталық Аягөзде ашылды

Еліміздегі тұңғыш ситуациялық орталық Аягөзде ашылды

Аягөз ауданында ел көлемінде тұңғыш рет «Қала, аудан әкімінің ситуациялық орталығы» ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Аталмыш орталық аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына мониторинг жүргізіп, талдау жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауданның 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын басқарып, оған түзетулер енгізеді, аудан әкімі тапсырмаларының орындалуына есеп жүргізіп, оларды бақылауға алады.

Ситуациялық орталықтың тағы бір артықшылығы – оның көмегімен мемлекеттік қызмет жұмысының жеделдігі анағұрлым артпақ. Себебі, статистикалық және өзге де қажетті мәліметтер түгелдей осы жерде сақталатын болады.
Барлық заманауи талаптарға сай жасалған жүйе қызметіне әлемнің кез келген нүктесінде отырып жүгінуге болады. Орталық тәулігіне 24 сағат бойы қызмет көрсетеді.

Елімізде жоқ мұндай ситуациялық орталықты отандық мамандар әзірлеп шығарғанын айта кеткен абзал.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button