Қоғам

Еліміздегі тұңғыш Достық үйін Елбасының өзі ашқан

Еліміздегі тұңғыш Достық үйін Елбасының өзі ашқан


Күн сайын – жұмыс және демалыс күндері облыстық Достық үйінде кісінің қарасы көп, шулы әрі көңілді. Мүмкін солай болуы да керек шығар. Оны тектен-тек «Қоғамдық келісім орталығы» деп атамайды ғой, мұнда күн сайын барлық ұлттың өкілдері күш біріктіре отырып, өзекті мәселелерді шешеді.

Шығыс Қазақстанның орталығында Достық үйі жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Бүгінде ол шаңырағының астына отызға жуық этномәдени бірлестік өкілдерінің басын қосып отыр. Ал 1992 жылдың қарашасында, шынайы халық Үйі енді ашылып жатқанда, диаспоралар өкілдіктерінің мұндай саны туралы тек армандауға ғана болатын. Алғашқылар болып «Видергебурдт» неміс мәдени орталығы, Шығыс Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы, «Вайнах» шешен мәдени орталығы, славян мәдениетінің қоғамы, облыстық және қалалық «Қазақ тілі» қоғамдары, қытай және ұйғыр мәдениетінің орталықтары құрылған болатын.

– Біздің Достық үйіміз – еліміздегі тұңғыш Достық үйі, – дейді мекеме директоры Эльдар Төлеубеков. – Оның ашылуына Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қатысты. Сол кезде ол кісі біздің тілектер кітабына естелік жазба қалдырған-ды, оны біз осы күнге шейін сақтап келеміз. Қазір Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесін республиканың өзге өңірлері үйренуде.

Жастар өз ұлтының тілі мен салт-дәстүрін үйреніп жүр

Достық үйінің елдегі ұлтаралық келісімді нығайту, халықтардың тілдерін, дәстүрлерін, мәдениетін жаңғырту, қазақстандық отансүйгіштікке баулу мақсатында құрылғаны туралы әркімге де белгілі әрі түсінікті шығар. Бірақ осы ретте ұлты, діні, өмірлік көзқарастары мен ұстанымдары әртүрлі адамдарды «келісім» атты көзге көрінбейтін жіппен қалай біріктіруге болады деген сауал туындайды. Тарихтың қалауы солай болуы керек, Қазақстан – бүгінде көпұлтты мемлекет. Біздің елімізде 130-дан астам этностың өкілдері өмір сүреді, солардың 105-і – Шығыс Қазақстанда. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ салиқалы, салмақты да сындарлы саясатының арқасында біздің ел өтпелі кезеңнің қиындықтарын еңсеріп, ұлтаралық негіздегі қақтығыстарға жол бермеді. Халықты ұйыстыру мақсатында Мемлекет басшысы жиырма бір жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы бастаманы көтерді, былтыр сол бірегей құрылымның мерейтойы кең көлемде аталып өтті.

Ұлтаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, толеранттылық, келісім – осының бәрі тұтас елдің және оның барлық өңірлерінің, сондай-ақ, әрбір Достық үйінің күнделікті тұрмыс негізіне айналды.

– Достық үйіне тек аға буын өкілдері ғана емес, сондай-ақ, жастар да көптеп келеді, – деп жалғастырады әңгімесін облыстық Достық үйінің директоры. – Олардың әрқайсысы – дарынды тұлға, алайда, ең бастысы, олардың бәрі де Қазақстан топырағынан шыққан, ел Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мәпелеп өсірген бейбітшілік пен келісімді сақтап, келер ұрпаққа табыстауға тырысуда. Әрбір этномәдени бірлестік Елбасы саясатын жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Осыдан тоғыз жыл бұрын Достық үйінің бірден бірнеше шығармашылық ұжымы халықтық атағына ие болды. Олардың ішінде «Русская песня», «Вдохновение» (орыс мәдени орталығы), «Майглёкхен» (неміс мәдени орталығы), «Ладушки» (славян мәдениетінің қоғамы) бар. 2007 жылдың маусымында «үлгілі» атағын «Улыбка» балалар би ансамблі растады.

– Бүгін бізде «Бастеньки» славян мәдениетінің фольклорлық ансамблі, сондай-ақ, «Сарман» татар вокалдық ансамблі, «Арарат» армян би топтары, «Инсонаре», «Торади» корей ансамбльдері және тағы басқалар белсенді жұмыс істейді, – дейді Достық үйінің мәдени-бұқаралық, әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Әсел Алтынбекқызы.

Мұнымен қоса, облыстық Достық үйінің шаңырағы астында «Алтын арқау», «Шығыс Қазақстанның мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестіктері, «Ынтымақ» және «Бірлік» жастар қоғамдық бірлестіктері өз орындарын тапқан.

– Міне, он бесінші жыл Достық үйінің базасында Шығыс Қазақстан этностарының тілдері мен мәдениеттерін жаңғырту мектебі жұмыс істеп келеді, – дейді Әсел Алтынбекқызы. – Оның қызметінің басты бағыты – облыста тұрып жатқан халықтардың тілдері мен дәстүрлерін, сонымен қатар, қазіргі жаһандану дәуірінде білу міндетті болып табылатын әлемдік тілдерді үйрету.

Бүгінде онда қазақ, орыс (тереңдетіп оқыту), украин, белорус, татар, әзірбайжан, поляк, шешен, кәріс, армян, қытай, неміс, ағылшын тілдері оқытылады.

Жаңа дәреже жаңа мүмкіндіктер беріп отыр

Былтырдан бері Достық үйі жаңа дәрежеге ие болды. Енді оның құрылтайшысы – мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы емес, облыстық әкімдік. Мұнымен қоса, ол дербес балансқа ие және меншік формасын «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде ауыстырды. Нәтижесінде оның функциялары да кеңейді.

– Дербестік алғаннан соң біз материалдық-техникалық базаны, әзірленген жобаларды жоғалтпай, мәдени-бұқаралық бағыттан ғылыми-сараптамалық бағытқа көштік. Осыған орай, бүгінде қоғамдық келісім орталығының қызметкерлер штатына профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі Нелли Краснобаева еніп отыр. Атап өтерлік жайт, соңғы бірнеше жыл ішінде Достық үйі қызметкерлерінің саны 25-тен 35-ке дейін көбейген, ал қаржыландыру 50 пайызға дейін ұлғайыпты.

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ жақын өңірлермен ынтымақтастықты кеңейту бойынша тапсырмасын орындай отырып, Алтай мемлекеттік университетінде (Ресей) Ассамблея тарихы туралы дәріс оқылды. Ескерерлік бір жайт, осы кездесу барысында еліміздің ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды қалыптастыру және сақтау саласындағы іс-тәжірибесін ресейлік әріптестер жоғары бағалаған. Бұл кезекті мәрте Шығыс Қазақстанда Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қоғамдық келісімді сақтау жөнінде жүктеген міндеттері орындалып жатыр деген сөз. Ұлт Көшбасшысы барлық этнос өкілдерінің бірлігі мен достығы біздің табысты болашағымыздың негізі екенін ұдайы айтып келеді. Өзінің бір Жолдауында Мемлекет басшысы этносаралық келісімді «өміршеңдік оттегі» деп бекер атамаған болуы керек.

– Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз, – деген-ді қазақстандықтарға Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. – Бірлігіміз бен этносаралық келісімді өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан, көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды.

Облыстық Достық үйінің жұмысы туралы айтқанда, тоғыз өңірлік және қалалық қоғамдық келісім орталығының қызметін атамай кету әділетсіздік болар еді.
Былтырлары Достық үйлері Қоғамдық кеңестер ретінде Аягөз, Жарма, Үржар, Зайсан, Көкпекті, Ұлан аудандарында ерікті түрде ашылған. Естеріңізге сала кетсек, мұндай ұлтаралық алаңдар Семейде, Риддерде, Зырянда, Курчатовта және Бесқарағай, Шемонайха, Глубокое, Бородулиха аудандарында бар.
Осы жылы облыстық Достық үйінде Журналистер клубы, Меценаттар клубы, Жастар лигасы, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі құрылып, белсенді жұмыс атқаруда. Елбасы тікелей қоғамдық келісім орталықтарында медиация кабинетін ашу туралы тапсырма берген болатын. Көп ұзамай Қоғамдық келісім орталығында медиация кабинеті ашылды, бүгінгі таңда аталмыш кабинет көптеген даулы мәселелерді сотқа жеткізбей шешімін табу жолында табысты жұмыс жасауда.

• 1992 жылы Шығыс Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен еліміздегі тұңғыш Достық үйі ашылды.
• 2010 жылы Шығыс Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен еліміз бойынша теңдесі жоқ этноауыл бой көтерді.
• 2012 жылы Достық үйінің 20 жылдығын атап өту барысында облысымыздың бастамасымен Қазақстан Достық үйі директорларының І конгресі шақырылды (со кезде республикада барлығы 6 Достық үйі болды). Аталмыш шақырылымда ҚХА төрағасының орынбасары Е.Тоғжановқа Достық үйлерінің маңызын арттыру мақсатында хат жолданды. Өз кезегінде ҚХА-ның ХХ сессиясында осы мәселе қаралып, Қазақстанның барлық аймақтарында Достық үйлері құрылды.
• 2015 жылы облыстық Достық үйінің жанынан Қоғамдық келісім орталығы ашылды. Облыс бойынша 14 Достық үйі жұмыс істеп келеді.
• Шығыс Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде қазақ – 55,9%, орыс – 40,1%, украин – 0,5%, белорус – 0,14%, татар – 1,27%, неміс – 1,0%, өзбек – 0,06%, әзірбайжан – 0,09%, кәріс – 0,06%, ұйғыр – 0,06%.
• Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі түрде халықаралық фестивальдар өткізіледі. Олар «Беловодье» фестивалі, «Ертіс мұнары» татар өнері фестивалі, «Абай оқулары» және «Гребенщиков оқулары».
• «Мәдениет және тілдерді дамыту» мектебінде облыс орталығында ана тілі бойынша 20 оқу орталығында 1,5 мыңнан астам адам білім алуда. Олардың көбі Шығыс Қазақстанда тұратын 110 этномәдени бірлестіктің өкілдері.
• Қазақстан халқы Ассамблеясында медиация бойынша жаңа бағытта жұмыстар жүзеге асуда.

Еліміздегі тұңғыш Достық үйін Елбасының өзі ашқан

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Қоғам

Еліміздегі тұңғыш Достық үйін Елбасының өзі ашқан

Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл

Еліміздегі тұңғыш Достық үйін Елбасының өзі ашқан

Күн сайын – жұмыс және демалыс күндері облыстық Достық үйінде кісінің қарасы көп әрі көңілді. Мүмкін солай болуы да керек шығар. Оны тектен-тек «Қоғамдық келісім орталығы» деп атамайды ғой, мұнда күн сайын барлық ұлттың өкілдері күш біріктіре отырып, өзекті мәселелерді шешеді.
Облыс орталығында Достық үйі жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Бүгінде ол шаңырағының астына отызға жуық этномәдени бірлестік өкілдерінің басын қосып отыр. Ал 1992 жылдың қарашасында, шынайы халық үйі енді ашылып жатқанда диаспоралар өкілдіктерінің мұндай саны туралы тек армандауға ғана болатын. Алғашқылар болып «Видергебурдт» неміс мәдени орталығы, Шығыс Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы, «Вайнах» шешен мәдени орталығы, славян мәдениетінің қоғамы, облыстық және қалалық «Қазақ тілі» қоғамдары, қытай және ұйғыр мәдениетінің орталықтары құрылған болатын.
– Біздің Достық үйіміз – еліміздегі тұңғыш Достық үйі, – дейді мекеме директоры Эльдар Төлеубеков. – Оның ашылуына Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қатысты. Сол кезде ол кісі біздің тілектер кітабына естелік жазба қалдырған-ды, оны біз осы күнге дейін сақтап келеміз. Қазір Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесін республиканың өзге өңірлері үйренуде.

Жастар өз ұлтының тілі мен салт-дәстүрін үйреніп жүр

Достық үйінің елдегі ұлтаралық келісімді нығайту, халықтардың тілдерін, дәстүрлерін, мәдениеттерін жаңғырту, қазақстандық отансүйгіштікке баулу мақсатында құрылғаны туралы әркімге де белгілі әрі түсінікті шығар. Бірақ, осы ретте ұлты, діні, өмірлік көзқарастары мен ұстанымдары әртүрлі адамдарды «келісім» атты көзге көрінбейтін жіппен қалай біріктіруге болады деген сауал туындайды. Тарихтың қалауы солай болуы керек, Қазақстан бүгінде – көпұлтты мемлекет. Біздің елімізде 130-дан астам этностың өкілдері өмір сүреді, солардың 105-і – Шығыс Қазақстанда. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ салиқалы саясатының арқасында біздің ел өтпелі кезеңнің қиындықтарын еңсеріп, ұлтаралық негіздегі қақтығыстарға жол бермеді. Халықты ұйыстыру мақсатында Мемлекет басшысы жиырма жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы бастаманы көтерді, биыл міне, сол бірегей құрылымның мерейтойын атап өткелі отырмыз.
Ұлтаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, толеранттылық, келісім – осының бәрі тұтас елдің және оның барлық өңірлерінің, сондай-ақ, әрбір Достық үйінің күнделікті тұрмыс негізіне айналды.
– Достық үйіне тек аға буын өкілдері ғана емес, сондай-ақ, жастар да көптеп келеді, – деп жалғастырады әңгімесін облыстық Достық үйінің директоры. – Олардың әрқайсысы – дарынды тұлға, алайда, ең бастысы, олардың бәрі де Қазақстан топырағынан шыққан, ел Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мәпелеп өсірген бейбітшілік пен келісімді сақтап, келер ұрпаққа табыстауға тырысуда. Әрбір этномәдени бірлестік Елбасы саясатын жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Біз Эльдар Төлеубекұлымен кездескен күні этномәдени орталықтардың мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған жастар флешмобын өткізуге дайындалып жатты. Қызу жұмыс ауаны сұхбаттасушымызды білікті басқарушы қырынан тануымызға мүмкіндік берді. Біреулерден ол акция үшін қажет атрубитикалардың (шар, жалауша, конфетти) әзірлігін сұрастырса, басқаларға өз денсаулықтарына салғырт қарағандары үшін ескерту жасап жатты, себебі, іс-шара көшеде өткізілмек, ал кейбіреулер ғимараттан жеңіл-желпі киініп шығып кеткен екен. «Әкесіндей алаңдайды екен» деп ойладым мен ішімнен, қателеспеппін.
– Қызметіне кіріскен алғашқы күндерден бастап-ақ Эльдар Төлеубекұлы өзін әрбір этномәдени бірлестіктің өзекті мәселелерін шешуге қауқарлы батыл басқарушы екенін көрсете білді, – деп пікір білдірді өз басшысының жұмысы туралы Достық үйінің қызметкері Равиль Юнусов. – Ол біздің әрқайсымыз үшін жан-жүрегімен алаңдап, уайымдайды. Оған қандай мәселелермен барып жүгінсек те, проблемалардың кез келгені, әдетте, өз шешімін тауып жатады.
Айтпақшы, тағдыр Равильдің өмірін облыстық Достық үйімен 15 жыл бұрын байланыстырған екен. Мектеп жасынан-ақ жеткіншек өзінің көптеген құрдастары секілді үйде отыра бермей, бос уақытын белсенді әрі тиімді өткізуді көздейді. Алдымен ол татар этномәдени орталығына барады, ал алты жыл бұрын өзін-өзі дамыту, білімі мен іс-тәжірибесін тереңдету мақсатында шешен-ингуш орталығына мүше болып қабылданды. Бүгінде жас жігіт – «Вайнах» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
Эльдар Төлеубеков туралы бұрынғы кеңестік кезеңнің өкілдері, Достық үйі құрылғалы бері жұмыс істеп келе жатқан аға буын да жақсы пікірде. Олар өз басшыларын барынша сауатты, жас та болса ұлтаралық келісім саласындағы стратегиялық маңызды мәселелерді шешуге қауқарлы адам деп санайды. Достық үйі басшысының да, барлық қызметкерінің де жұмыстарының ең үздік көрсеткіші мекеменің «Сала көшбасышысы – 2014» құрметті атағына ие болғаны шығар. Ал басқаша болуы мүмкін бе? Мәселен, осыдан сегіз жыл бұрын Достық үйінің бірден бірнеше шығармашылық ұжымы халықтық атағына ие болды. Олардың ішінде «Русская песня», «Вдохновение» (орыс мәдени орталығы), «Майглёкхен» (неміс мәдени орталығы), «Ладушки» (славян мәдениетінің қоғамы) бар. 2007 жылдың маусымында «үлгілі» атағын «Улыбка» балалар би ансамблі растады.
– Бүгін бізде «Бастеньки» славян мәдениетінің фольклорлық ансамблі, сондай-ақ, «Сарман» татар вокалдық ансамблі, «Арарат» армян би топтары, «Инсонаре», «Торади» корей ансамбльдері және тағы басқалар белсенді жұмыс істейді, – деп әңгімеге қосылды мәдени-бұқаралық, әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Айбарша Жұмаділова.
Мұнымен қоса, облыстық Достық үйінің шаңырағы астында «Алтын арқау», «Шығыс Қазақстанның мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестіктері, «Ынтымақ» және «Бірлік» жастар қоғамдық бірлестіктері өз орындарын тапқан.
– Міне, он төртінші жыл Достық үйінің базасында Шығыс Қазақстан этностарының тілдері мен мәдениеттерін жаңғырту мектебі жұмыс істеп келеді, – дейді Айбарша Жұмаділова. – Оның қызметінің басты бағыты – облыста тұрып жатқан халықтардың тілдері мен дәстүрлерін, сонымен қатар, қазіргі жаһандану дәуірінде білу міндетті болып табылатын әлемдік тілдерді үйрету.
Бүгінде онда қазақ, орыс (тереңдетіп оқыту), украин, беларус, татар, әзірбайжан, иврит, поляк, шешен, кәріс, армян, қытай, неміс, ағылшын тілдері оқытылады.

Жаңа дәреже жаңа мүмкіндіктер беріп отыр

Достық үйі жаңа дәрежеге ие болды. Енді оның құрылтайшысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы емес, облыстық әкімдік. Мұнымен қоса, ол дербес балансқа ие және меншік формасын «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде ауыстырды. Нәтижесінде оның функциялары да кеңейді.
– Дербестік алғаннан соң біз материалдық-техникалық базаны, әзірленген жобаларды жоғалтпай, мәдени-бұқаралық бағыттан ғылыми-сараптамалық бағытқа көштік. Осыған орай, бүгінде қоғамдық келісім орталығының қызмкеткерлер штатына профессор, тарих ғылымының кандидаты, ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі Нелли Краснобаева еніп отыр. Атап өтерлік жайт, соңғы бірнеше жыл ішінде Достық үйі қызметкерлерінің саны 25-тен 35-ке дейін көбейген, ал қаржыландыру 50 пайызға дейін ұлғайыпты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу күнінде облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ жақын өңірлермен ынтымақтастықты кеңейту бойынша тапсырмасын орындай отырып, Алтай мемлекеттік университетінде (Ресей) Ассамблея тарихы туралы дәріс оқылды. Есекерерлік бір жайт, осы кездесу барысында еліміздің ұлтаралық және конфессияларалық қарым-қатынастарды қалыптастыру және сақтау саласындағы іс-тәжірибесін ресейлік әріптестер жоғары бағалаған. Бұл кезекті мәрте Шығыс Қазақстанда Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қоғамдық келісімді сақтау жөнінде жүктеген міндеттері орындалып жатыр деген сөз. Ұлт Көшбасшысы барлық этнос өкілдерінің бірлігі мен достығы біздің табысты болашағымыздың негізі екенін ұдайы айтып келеді. Өзінің былтырғы Жолдауында Мемлекет басшысы этносаралық келісімді «өміршеңдік оттегі» деп атады.
– Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз, – деді қазақстандықтарға Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. – Бірлігіміз бен этносаралық келісімді өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан, көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды.
Облыстық Достық үйінің жұмысы туралы айтқанда тоғыз өңірлік және қалалық қоғамдық келісім орталығының қызметін атамай кету әділетсіздік болар еді.
Осы жылы Достық үйлері қоғамдық кеңестер ретінде Аягөз, Жарма, Үржар, Зайсан, Көкпекті, Ұлан аудандарында ерікті түрде ашылған. Естеріңізге сала кетсек, мұндай ұлтаралық алаңдар Семейде, Риддерде, Зырянда, Курчатовта және Бесқарағай, Шемонайха, Глубокое, Бородулиха аудандарында бар.

Керек дерек

Соңғы төрт жыл ішінде облыста 29 жаңа этномәдени бірлестік құрылды, егер осыдан бес жыл бұрын олар 74 болса, былтыр саны 29 пайызға көбейіп, 103-ке жетті. Олардың ішінде мүшесі ең көптер ¬– орыс, славян және казак, сондай-ақ, татар және неміс бірлестіктері.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button