Қоғам

Еліміздегі тұңғыш Достық үйі Өскеменде ашылды

Еліміздегі тұңғыш Достық үйі Өскеменде ашылды

1992 жылы Шығыс Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен еліміздегі тұңғыш Достық үйі ашылды.
• 2010 жылы Шығыс Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен еліміз бойынша теңдесі жоқ этноауыл бой көтерді.
• 2012 жылы Шығыс Қазақстанның бастамасымен республикада «Бейбітшілік және келісім жол картасы» жобасы бастау алды.
• 2012 жылы Достық үйінің 20 жылдығын атап өту барысында облысымыздың бастамасымен Қазақстан Достық үйі директорлары І конгресіне шақырылды (сол кезде республикада барлығы 6 Достық үйі болды). Аталмыш шақырылымда ҚХА төрағасының орынбасары Е.Тоғжановқа Достық үйлерінің маңызын арттырып, рөлін жоғарылату мақсатында хат жолданған болатын. Өз кезегінде ҚХА-ның ХХ сессиясында осы мәселе басты тақырыпқа айналып, Қазақстанның барлық аймақтарында Достық үйлерінің құрылуына негіз болды.
• 2012 жылы Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Толерант мектебі» ашылып, жұмыс атқаруда.
• 2015 жылы облыстық Достық үйінің жанынан қоғамдық келісім орталығы ашылды. 2015 жылы Жарма, Ұлан, Зайсан, Көкпекті және Аягөз аудандарында Достық үйлері бой көтерді.
• 2015 жылы Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен ХV халықаралық «Қазақстандағы және іргелес жатқан аймақтардағы этнодемографиялық ахуалдар» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Түркия, АҚШ, Қырғызстан елдерінің ғалымдары қатысты.
• Шығыс Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде қазақ – 55,9%, орыс – 40,1%, украин – 0,5%, белорус – 0,14%, татар – 1,27%, неміс – 1,0%, өзбек – 0,06%, әзірбайжан – 0,09%, кәріс – 0,06%, ұйғыр – 0,06%.
• Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі түрде халықаралық фестивальдар өткізіледі. Олар «Беловодье» фестивалі, «Ертіс Мұнары» татар өнері фестивалі, «Абай оқулары» және «Гребенщиковтың оқулары».

Еліміздегі тұңғыш Достық үйі Өскеменде ашылды

Барлық ұлттар өз ана тілін оқып-үйренуге мүмкіндік алды
• «Мәдениет және тілдерді дамыту» мектебінде облыс орталығында ана тілі бойынша 20 оқу орталығында 1,5 мыңнан аса адам білім алуда. Оның көбісі Шығыс Қазақстанда тұратын 110 этномәдени бірлестіктің өкілдері.
• Қазақстанда ақпараттық салада 35 этникалық газет пен журнал шығады. Ірі көлемді 6 этникалық республикалық басылым мемлекет қолдауымен жұмыс істейді. Газет және журналдар 11 тілде жарыққа шығады, радиобағдарламалар 8, ал телебағдарламалар 7 тілде. Аймақтық деңгейде «Ассамблея жаршысы» басылымы Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан шығарылады.
• 2015 жыл қайырымдылық, жақсылық пен мейірімділік жылы болып жарияланды. «Тайқазан – 20 игі іс» жобасы аясында 102442 адам 389 миллион теңгеге жуық көмек алды. Сонымен қатар, «Қамқор» науқаны аясында 34184 соғыс ардагері және тыл ардагеріне 125 миллион 158 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. «Бірлік арқылы мейірімділік» атты акциясында 44795 мүгедекке және қарт адамға 148 миллион 918 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
• Ассамблеяның мерейтойы аясында облыстық Достық үйі қызметкерлері іргелес Ресей, Моңғолия, Қытай аумақтарына сапар шегіп, мәдени байланыс орнатты.
• ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы 2015 жылы және ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша 56 іс-шара өткізген, соның ішінде G-global орталығы, Қазақстанда орыс тілін дамыту, этнодемографиялық ахуалдары бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
• 2015 жылы шекаралық ынтымақтастық аясында Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік университетінде «НАЗАРБАЕВ және Қазақстан жолы» атты құрмет кафедрасы ашылды.
• Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация бойынша жаңа бағытта жұмыстар атқарып отыр. Облыс орталығында медиация мектебі мен арнайы оқу бөлмесі ашылды. Алғашқы 35 қоғамдық медиатор оқытылып, арнайы сертификаттарға ие болды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button