Экономика
Елімізде бірінші болып қақпақ шығарды
Аягөз локомотив жөндеу депосында жартылай вагондардың люк қақпақтарын жасайтын цех ашылды.
«Қамқор Локомотив» депосы мұндай қақпақтарды еліміз бойынша бірінші болып ашып отыр. Қазіргі заманғы озық технологиямен стандартқа сай жабдықталған жаңа цехта 45 адам жұмыспен қамтылған.
Бұрындары мұндай люктерді Ресейден, болмаса басқа шетелдерден тасымалдап келсе, енді міне, өзімізде өндіруге мүмкіндік табылды. Бұл ел экономикасының күре тамыры саналатын теміржолдың әлеуетін арттыруға үлес қосары сөзсіз. Цех бүгінгі күннің өзінде мың люк қақпағын жасап үлгерді.
– Келешекте бұл меже ұлғаяды, әзірге біз тапсырыстарды толық қамтып үлгермей жатырмыз, – дейді мекеме басшысы Т.Датбаев.
Шығыс-Ақпарат