Еліміздегі ең биік мешіт қай жерде екенін білесіз бе? Биік дегенде біз мешіт ғимаратының өлшемін емес, тұрған жерінің биіктігін меңзедік.
Теңіз деңгейінен 1760 метр биікте, Алтай тауының ең биік шыңы – Мұзтаудын етегіндегі мәңгі жасыл орманның қойнауында алтын күмбезі күнге шағылған «Әл-Құддұс» мешіті тұр.
– «Әл-Құддұс» – Алланың көркем есімдерінің бірі. Қазақшаға аударғанда пәк, өте таза деген мағына береді, – деп түсіндірді мешіт имамы Мәулетқан Қалиасқаров.
Иә, еліміздегі ең биікті нүктеде орналасқан мешіт Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы Рахман қайнары шипажайында 2013 жылдың 11 желтоқсанында ашылған.
Тілеубек Шаяхмет