ТОП

Еліміздегі ең үлкен көпірдің құрылысы қашан аяқталады?

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең үлкен көпірдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Өңірдің үш ауданын байланыстыратын нысанды 2025 жылы халық игілігіне беру жоспарланған.

Құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан мердігер – «ОблШығысЖол» ЖШС. Серіктестік басшылығының хабарлауынша, қазір құрылыс алаңында 280 адам жұмыс істеп жүр. Олар Қазақстанның  әр аймағынан келген көпір салудың қыр-сырын жетік білетін мамандар.

Нұрдаулет Смағұлов – Семей қаласының тұрғыны. Құрылыс саласында еңбек етіп жүргеніне 25 жыл. Егде тартса да тәжірибелі құрылысшының қауқары әлі қайтпаған.

– Елдің игілігі үшін еңбек етіп жатырмыз. Жағдайымыз жақсы, еңбек ақымызды тұрақты алып тұрамыз. Жұмысшыларға мұнда барлық жағдай жасалған, бұйыртса межелі уақытта көпірді тапсырамыз деп ойлаймын, – дейді ол.

Иә, құрылыс басында жұмысшыларға барлық жағдай жасалған екен. Техникалары сақадай-сай, барлық қажетті жабдықтармен қамтылған. Жылы әрі жайлы жатар орын, үш уақыт тамақ. Және қандай тамақ десеңізші, адамға күш-қуат беретін дәруменге толы құнарлы тағамдар беріледі мұнда. Жұмысшылар өздері үшін барлық жағдай жасалғанын айтады. Тек алаңсыз еңбек ете бер. Құрылысшылардың мақсаты өздеріне жүктелген міндетті кемшіліксіз әрі сапалы, уақытында аяқтау.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button