Экономика

Елімізде ломбардтар саны 80 пайызға азайды

Елімізде бір жылда ғана ломбардтар саны 4,5 есеге азайып, екі мыңға жуық компания нарықтан кеткен. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлады.

Мұндағы басты себеп қаржылық ұйымдар қызметінің жұмысын реттеудің жаңа тәртібі. Яғни, қарыздың пайыздық мөлшерлемесінің 100 пайыздан 56 пайызға дейін төмендетілуі. Бұл бизнестің тәуекелділігі көп болғандықтан, көптеген қарыз берушілер бұған келіспеген. Екінші себеп, меншік және жарғылық капитал сомасының өзгертілуі. Ал, жабылған мекемелердің көбісінің ақша айналымы 15-20 млн. теңгенің аралығында ғана.

Республикалық маңызы бар қалаларда ломбардтардың жарғылық капиталы 70 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Ал аудандардағы ломбардтарда бұл сома 30 млн. теңге болуы керек. Мұндай капитал оларға қажет емес. Шағын елді мекендерде ондай капитал айналмайды да. Ал қомақты қаражат кассада немесе банктік есепшотта өлі қаражат болып жата береді, – дейді «Қазақстан ломбардтарының ұлттық лигасы» қоғамдастығының басшысы Роберт Абзалилов.

Қоса кетсек, өткен жылы елімізде 3089 ломбард жұмыс істесе, олардың 2406-сы есептік тіркеуден өтпей, нарықта бар-жоғы 683-і ғанаана қалған. Енді аталған ломбардтарға қосымша лицензия алып, халықаралық қаржы ұйымдары берген сертификаты бар есепшілер алулары қажет. Ал мұндай мамандар саны елімізде саусақпен санарлықтай ғана.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button