БілімТОП

Елімізде колледждерге қосымша 10 мың студент қабылданбақ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті колледждерге құжаттарды қабылдау жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Құжат тапсыру 20 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Биыл кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланған. Бұл өткен жылдан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілген өзгертуге байланысты. Бұл ретте жұмыс беруші практиканы ұйымдастыру және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады.

Ағымдағы жылы мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарланған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс және коммуналдық шаруашылық сияқты бағыттар бойынша ұлғайтылды.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button