Дайджест

Елімізде қанша электромобиль бар?

Елімізде электромобильдер саны айтарлықтай артып 65%-ды құрады. Алайда бұл көрсеткіш өте аз, себебі олардың саны 800-ден сәл асады. Яғни, электромобильдер отандық автотұрақтардың 0,02% құрайды, деп хабарлайды Finprom.kz ресурсы.

Биыл жыл басында Қазақстанда аралас жанар-жағармаймен жүретін 322,4 мың жеңіл автокөлік болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% артық. Мұндай автомобильдердің еліміздегі жалпы үлесі – 8 2%.

Көлік жасаушылардың айтуынша, гибридті автомобильдердің ауаны ластау көрсеткіші жоғары. Тәуелсіз топтар жүргізген сынақ растағандай, гибридті типтегі көліктер зертханалық мәліметтерге қарағанда жанар-жағармайды көбірек тұтынады.

Аралас жанар-жағармаймен жүретін жеңіл көліктердің басым бөлігі Маңғыстау облысында тіркелді. Аталған өңірде 74,3 мың авто бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6% артық. Екінші және үшінші орында Ақтөбе (35,8 мың, 6,4% артық) және Түркістан (23,1 мың, 27,7% артық) облысы орналасқан.

Ал мұндай көліктер бойынша азшылық Ұлытау (барлығы 229), Абай (295) және Жетісу (409) облыстарына тиесілі. Жағдай аталған облыстардың жақында қалыптасуымен түсіндіріледі.

Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген. Қазір қалада 420 авто бар, ал өткен жылдың басында 43 ғана автокөлік болған. Екінші қатарда 108 автокөлікпен СҚО орналасқан. Көшбасшылардың үштігін елорда жауып отыр, Биыл 61 автомобиль тіркелген, бір жыл бұрын 35 болған.

Bureau of Transportation Statistics соңғы мәліметтері бойынша, 2021 жылы әлемде бензинмен жұмыс істейтін 799 мың жаңа гибридті жеңіл автомобиль сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 75,6% көп.

Қосылатын модулі бар гибридті электромобильдердің 173,5 мың данасы сатылды. Жылдық өсім – 2,5 есе. Электромобиль сатылымы 459,4 мыңға дейін артып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 92,6% өсті.

Back to top button