ҚаржыТОП

Елімізде екінші деңгейлі 9 банк таратылу сатысында тұр

«Ашық НҚА» порталында Қазақстандағы екінші деңгейлі 9 банк таратылу процесінде тұрғаны жарияланды.

Ол “Кейбір заңнамалық актілерге қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында айтылған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

-Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Бұл ретте 9 банк бойынша тарату процесі жүріп жатыр, – делінген құжатта.

Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен таратылғалы жатқан 9 банктің атауы мыналар:

  • Валют-транзит банк (26.12.2006 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 01.03.2007 ж. басталды)
  • Қазинвестбанк (27.12.2016 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 24.01.2018 ж бері)
  • Delta Bank (03.11.2017 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 25.04.2018 ж. бері)
  • Эксимбанк Қазақстан (28.08.2018 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 16.01.2019 ж. бері)
  • Астана банкі (19.09.2018 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 09.01.2019 ж. бері)
  • Qazaq Banki (28.08.2018 ж. лизенциясы қайтарылған, тарату 12.12.2018 ж. бері)
  • Tengri Bank (18.09.2020 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 15.02.2021 ж. бері)
  • AsiaCredit Bank (12.02.2021 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 22.07.2021 ж.бері)
  • CapitalBank Kazakhstan (25.06.2021 ж. лицензиясы қайтарылған, тарату 05.10.2021 ж. бері).

Ынтымақ Толқын

 

 

Осы айдарда

Back to top button