Қауіпсіздік

Елімізде бір аптада 8 бала терезеден құлап кеткен

Жаз басталғалы қараусыз қалған балалардың терезеден құлап кетуі жиілеген.

Бір аптаның ішінде осындай оқыс оқиғаның 8 дерегі тіркелген, деп хабарлайды Didar ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі жыл сайын аптап ыстықтың басталысымен балалардың терезеден құлау оқиғасы жиілеп кететінін мәлімдеді. ТЖМ-нің мәліметі бойынша өткен аптада осындай оқиғаның 8-і тіркелген. Ал Астана қаласында болған оқыстан 3 жасар бала 17- қабаттан құлап қаза тапқан.

Қазіргі уақытта мұндай оқыс оқиғалардың негізгі себебі терезелердегі масаға арналған қорғаныш торлары болып тұр.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button