Билік

Әлихан Смайылов: Шығыс Қазақстан облысы барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамикаға ие.

Даниал Ахметовтің облыста жұмыс істеген кезеңінде ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы жобалары іске асырылды. Оншақты әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде: мектептер, ауруханалар, спорт орталықтары, оның ішінде Ана мен бала орталығы, Гематология орталығы бар. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысының активімен болған жиында атап өтті.
Облыс депутаттары өз кезегінде Шығыс Қазақстан Даниал Ахметовтің басшылық етуімен өзінің тұрақты дамуы мен өркендеуін жалғастыратынына сенім білдірді.
– 8 жыл ішінде көп нәрсе жасалды. Бұл мектептерді жаңа пәндік сыныптармен жабдықтау, инфрақұрылымды кеңейту және жол салу, туризмді, денсаулық сақтауды дамыту. Мұндай лауазымға тек саяси ерік пен әкімшілік талант емес, саланы терең білу қажет. Ал Даниал Кенжетайұлы өңірдің проблемаларын да, мүмкіндіктерін де біледі. Сондықтан, менің ойымша, бұл біз үшін геосаяси тұрғыдан қазіргі тұрақсыз уақыттан өтіп, жаңа деңгейге шығу үшін ең дұрыс шешім. Біздің өңірдің әлеуеті зор. Мен осы үдерістерді басқаратын, оның дамуына көмектесетін мықты көшбасшыны жақтаймын! – дейді Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Зоя Новолодская.

Back to top button