Қоғам

Елге құрмет көрсету ана сүтімен дарыған

Елге құрмет көрсету ана сүтімен дарыған


Наталья Перцева – славян ұлтының өкілі. Десе де қазақ тілін терең біледі. Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеп, мереке сайын дастарханына қазы-қарта, жал-жая қойғанды жақсы көреді. Қашан көрсеңіз де, қолында облыстық «Дидар» газеті. Үнемі оқып отырады. Семейде Алғыс айту күніне орай «Мен қазақ халқына рақмет айтамын!» акциясы басталған еді. Бұл акцияны өткізу Достық үйінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қанатының отырысында жоспарланған. Бұл – жастар ресурстық Орталығының бастамасы. Түрлі ұлттардың жастары бейнежазба түсіріп, қазақ халқына рақмет айтып, әлеуметтік желілерге, сайттарға салады. Осы бастаманы қолдаған жастың бірі, – Наталья Перцева.

Наталья Перцева – «Шығыс объектив» сайтының жетекшісі. Жас болса да, қоғамдық өмірге белсене араласады. «Прииртышье» өлкетану қоғамының белсенді мүшесі. Туған жері – Алаштың астанасы екенін мақтан етеді. Қаладағы №28 мектепті үздік иәмамдады. Содан кейін Томск мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

-Биыл «Прииртышье» өлкетану қоғамына 15 жыл толып отыр, – деді Наталья Перцева, – осыған орай семейлік өлкетанушылар өздерінің саяхаттарынан, Семей өңірін зерттеуден табылған түрлі табиғи тастар мен минералдар түрлерінен көрме ұйымдастырды. Семейден тіпті мамонттың да, ежелгі аңдардың да сүйектері табылған. Осы көрмені қала әкімі Ермак Сәлімов келіп тамашалап, дән риза болды. Өлкетанушылар қала әкіміне қоғамның мүшелік билетін табыс етіп, алғыс білдірді. Өз кезегінде қала басшысы өлкетану қоғамына барынша қолдау көрсетуге уәде берді. Мереке барысында өлкетанушылар 15 жыл бойы жинаған олжаларын көрсетті. Осы жылдар ішінде олар бүкіл өңірді аралап, 300-ге жуық археологиялық және ғылыми экспедицияларға қатысқан. Біздің Семей қаласының тарихы бай, Мен қазақ халқына дән ризамын.

Натальяның әкесі Владимир – көлік жүргізушісі, қарапайым еңбек иесі. Анасы Людмила тарих пәнінің мұғалімі болғандықтан, туған жеріне, қазақ еліне деген құрмет пен ыстық ықылас ана сүтімен Наташаның бойына дарыған екен.

Раушан Нұғманбекова
Семей.

Осы айдарда

Back to top button