Қоғам

Әлем чемпионатынан алтынмен оралды

Үндістан мемлекетінің астанасы Нью-Делиде гір көтеру спортынан өткен Әлем чемпионатынан Зайсан ауданының спортшылары Ернұр Қайрат алтын, Қуаныш Қыдырпатша күміс медаль тағып қайтты.

Қазан айының 26-30 күндері аралығында Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында гір көтеру спортынан биылғы Әлем чемпионаты өтті. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен Зайсан ауданының тумаларының бірі Әлем чемпионы атанса, енді бірі күміс жүлдені жеңіп алды.

Әуесқойлар арасында 68 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ернұр Қайрат жұлқа көтеру сайысында 24 келі гір тасын 189 мәрте көтеріп, осымен үш дүркін Әлем чемпионы атанды.

Кәсіпқойлар арасында +95 келі салмақ дәрежесінде Қуаныш Қыдырпатша жарыстың бірінші күнінде серпе көтеру бәсекесінде күміс жүлдегер атанса, жарыстың екінші күнінде 32 келі гір тасын 175 мәрте көтеріп (жұлқа көтеру), тағы да күміс медаль иеленді.

«Осымен Қуаныш бесінші мәрте Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды» – деп сүйіншіледі Зайсан ауданының әкімдігі.

Ж.Ермен

Осы айдарда

Back to top button