Қоғам

Электронды терминал іске қосылады

Электронды терминал іске қосылады


Жуырда қала тұрғындары үйден шықпай-ақ дәрігердің қабылдауына жазылып, бірқатар медициналық анықтама қағаздарын электронды терминалдың көмегімен алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы қаладағы мемлекеттік мекемелер мен медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасының деңгейін анықтау мақсатында терминалдар орнатылған болатын. Алайда, ағымдағы жылы аталмыш терминалдардың қолданыстан шығып қалуына байланысты қала тұрғындары арасында пайда болған түсініспеушілікке облыстық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Владимир Лопаткин жауап берді.

– Қыркүйек айының орта шеніне дейін тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, мұндай терминалдардың қаланың қай аудандарына қажет екенін анықтайтын боламыз, – дейді Владимир Лопаткин.

«Rating» ЖШС-нің мәліметіне сүйенсек, бұл терминалдың көмегімен психоневрологиялық және наркодиспансерлік ауруханаға бармай-ақ анықтама қағазын алуға болады екен.

Ажар Сағатбекова
Өскемен.

Осы айдарда

Back to top button