Қоғам

Электр энергиясының бағасы әр облыста әртүрлі

Электр энергиясының бағасы әр облыста әртүрлі

Өткен жылдармен салыстырғанда электр энергиясының бағасы өзгерді. Біздің департаменттің келісімімен биылғы 1 сәуірде электр энергиясын орташа босату бағасы кВт сағатына 10,526 теңгені құрады. Яғни, 2014 жылғы қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 8,5 пайызға өсті. Осы тұста «Шығысэнерготрейд» ЖШС-мен жүзеге асырылатын электр энергиясына арналған тарифтің өсуінің негізгі себептеріне тоқтала кетейік.
2009 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде электр энергиясының құны жыл сайын артып отырды. Бағаның өсуі Үкіметтің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына сәйкес жүзеге асып отырды. Облыс тұтынушыларына «Шығысэнерготрейд» ЖШС-мен іске асырылатын «электр энергиясын сатып алу» шығындары қаулыда көрсетілген бағаларға және табиғи сипаттағы сатып алынатын электр энергиясының көлемдеріне сәйкес 1,5 пайызға артты. Ал «KEGOC» АҚ аймақаралық жүйелер бойынша «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания»АҚ және басқа энергия беретін ұйымдардың жүйелері бойынша электр энергиясының бағасы 10,7 пайызға өсті.
Республика аймақтарында электр энергиясына деген тарифтер әртүрлі. Өйткені энергия көздерінен сатып алынатын электр энергиясының бағасына байланысты. Сондай-ақ, электр энергияны аймақаралық және аймақтық деңгейдегі желілер бойынша береді. Тағы бір себебі – тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтердің бар болуымен негізделген. Мысалы, Атырау облысында электр энергиясына арналған орташа босату тарифі халық үшін кВт сағатына 5,31 теңге. Ал заңды тұлғалар үшін кВт сағатына 17,96 теңге. Демек, Атырау облысында электр энергиясын тұтынушылардың көбі заңды тұлғалар.
Қайрат Оразбаев, Ұлттық Экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы

Мерей Қайнаров

Осы айдарда

Back to top button