Электр энергиясы қымбаттайды – ШҚО
Ағымдағы жылдың 4-шілдесінен бастап облыста электр энергиясы қымбаттайды.
“Шығысэнерготрейд” ЖШС ресми сайтында келесі айдан бастап электр энергиясы үшін төлемнің қаншалықты көтерілетіні туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Кәсіпорын тұрмыстық тұтынушылар үшін тариф киловатт/сағ үшін 15,622 теңгені құрайтынын хабарлады. Ал электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар үшін тариф сағатына киловатт үшін 26,380 теңгеге дейін көтеріледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін тариф сағатына 23,595 теңгені құрайды.
Бюджеттік ұйымдар сағатына 47,217 теңге төлейді.
Сонымен қатар тұтынушылардың әртүрлі санаттары үшін сараланған тарифтер де жарияланды:
Орталықтандырылған газбен және ыстық сумен жабдықтаусыз үйлерде тұратын, электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар айына 90 кВт*сағат бойынша тұтынса, киловатт үшін 18,745 теңге. Ал 90-нан 170 кВт*сағатқа дейін тұтыну кезінде 18,745 теңге, егер 90-нан 170 кВт*сағатқа дейін пайдаланатын болса 23,433 теңге болмақ.
Жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар үшін жеңілдікті тарифтер электр плиталарын пайдаланатын адамдар үшін айына 120 кВт*сағатқа дейін пайдаланса 13,806 теңге, ал электр плиталарын пайдаланбайтындар үшін 13,751 теңге болады
Айта кетелік, тарифтердің көтерілуі KEGOC АҚ, “БЭСК” АҚ және басқа да энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясы үшін бағасының өсуімен байланысты.