Қоғам

Елді мекендер сумен қамтылады

Азамат Темірбеков

Көкпекті ауданының 10 елді мекенінде ауыл халқын таза ауызсумен қамтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылдан бастап облыста «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» және «Нұрлы жер 2020-2025» бағдарламалары аясында су құбыры желілері мен су тарту нысандарын салу және қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын.
Бүгінгі күні аталмыш бағыттағы жұмыстар Көкпекті ауданында да қызу жүргізілуде. Атап айтсақ, қазіргі уақытта Көкпекті және Самар ауылдарындағы су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын қайта жаңғыртуға бағытталған жұмыстар қолға алынса, Көкжота, Көкжайық, Үлкенбөкен, Құлынжон, Аққала, Миролюбовка, Преображенка, Мариногорка, Үлгілімалшы ауылдарында су тарту және су құбырларын орнату бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.
Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыруға 2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 3,7 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінсе, оның 1 миллиардтан астамы игерілді. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Көкпекті және Самар ауылдарында жүзу бассейндерін салу жобалары жүзеге асырылуда.

Осы айдарда

Back to top button