Қоғам

Елдегі ең үлкен станса жаңғыртылып жатыр

Елдегі ең үлкен станса жаңғыртылып жатыр

Шүлбі су электр стансасы құрылысының басталғанына 40 жыл толды.
Қуаты 702 МВт-тық еліміздегі бұл ең ірі су электр стансасының гидрожүйелерін салу жұмыстары 17 жылға созылған. Стансаның жүрегі болып саналатын қуат өндіруші алғашқы су агрегаты 1987 жылы, соңғысы 1994 жылы іске қосылды. Осыдан екі жыл бұрын стансаның электр өндіру қуаты 40 млрд. кВт/сағатқа, биыл 43 млрд. кВт/сағатқа жетті.
Су электр стансасының сенімді, тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін нысанның құрал-жабдықтары қайта жаңғыртылып, жаңартылып жатыр. 2009 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына 13 млрд. теңге инвестиция жұмсалған. Су агрегаттары, гидротехникалық имараттар, трансформаторлар жаңартылып, электр стансасының технологиялық үдерісін басқару, бақылау жүйесі автоматтандырылған.
Стансада жүзеге асырылып жатқан нвестициялық жобалар нысан қызметінің қауіпсіздігін, энергия өндірудің тиімділігін, қуатпен қамтудың сенімділігін арттырмақ.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button