Қоғам

Елбасы «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығына ие болды

Елбасы «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығына ие болды

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығы салтанатты түрде табыс етілді.
Әлемдік ислам қаржыландыру (Global Islamic Finance Award, GIFA) сыйлығы әлемдік және аймақтық деңгейде исламдық банкинг пен қаржыландыруды дамытудағы маңызды жетістіктері үшін беріледі. Сыйлық тізілімі активтерді басқару, корпоративтік құқық, ІТ, әлеуметтік жауапкершілік, капитал нарығы, білім сынды түрлі 22 аталымды қамтиды. Сыйлық жеңімпазын анықтау әдістемесін Лондонда қоныстанған «Edbiz Consulting Limited» халықаралық исламдық қаржыландыру консалтингтік фирмасы жүргізеді.
Айта кетейік, Қазақстан – ТМД кеңістігінде және Орталық Азия елдерінде заңнамалық деңгейде исламдық қаржыландыруды енгізу шараларын қолға алған бірінші мемлекет. 2009 жылдың 12-ақпанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. 2007 жылы елімізде «Әл-Хилял» исламдық банкі құрылды. Бүгінгі таңда аталған қаржы ұйымы елімізде жалпы сомасы 80 миллион долларды құрайтын 7 жобаны қаржыландырып отыр.

Қазақпарат

Осы айдарда

Back to top button