Қоғам

Ел ырызығын еселеген жандар

    Қыстың қақаған аязында, жаздың аптап ыстығында асау толқынмен алыса еңбек етіп жатқан Күршім ауданының балықшы қауымы өздерінің төл мерекелерін атап өтті.

    Ежелден балық шаруашылығымен аты шыққан Ақсуат ауылдық округінде балықшылар күні барлық сән-салтанатымен мерекеленді. Мерекеге ауыл кәсіпкерлері А.Қапасов, Е.Дүкетаев, М.Барбосынов, Б.Бөкеев көмек қолдарын созып, Күршімдегі «Төретоғам» ЖШС басшысы Нұрлан Қасымханов қаржылай қолдау көрсетті.

Су маржанын сүзген ақсуаттық, жолнұсқаулық, аманаттық балықшылар бұл күні ауылдастарының ерекше құрметіне бөленді. Б.Қалматаев, Р.Нілібаев, М.Тамекенов, М.Теміржанов тәрізді ауыл жастарының бастамасымен ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Балықшылар мерекесі көршілес ауылдардан келген мәдени-спорттық іс-шараларға қатысушылармен ажарлана түсті. Алғабас пен Күршімнен келген қонақтар спорттық ойындар көрігін қыздырса, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары Зайсанның жағалауын ән-жырға бөледі.

Күні бойы өткен балықшылар мерекесі кешкісін осы ауылдың тумасы, қазақ өнерінің саңлағы Уәйіс Сұлтанғазинді еске алу іс-шарасымен жалғасты. Түн жарымына дейін жалғасқан балықшылар күні отшашумен аяқталды.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button