Қоғам

Ел игілігіне беріледі

Былтыр Марқакөл ауылында «Шекаралық аудандарды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес, жергілікті жастарды спортқа баулитын жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынған болатын.

Жалпы құны 30 миллион теңгені құрайтын нысан ауыл тұрғындарының игілігіне биылғы тамыз айында беріледі деп жоспарлануда. Құрылысты «Gazconstructions» серіктестігі жүргізуде.

Белгілі болғандай, 100 орындық спорт кешенінің ені – 24, ал ұзындығы 44 метрді құрайды екен. Қазіргі уақытта кешеннің төбесі шатырланып жабылған, қабырғалары тұрғызылған. Сондай-ақ кәріз, су жүйелері жүргізіліп, жарық тартылуда.

Құрылыстың басы-қасында жүрген Аман Серіковтің айтуынша, жұмысқа 20-ға жуық адам тартылған. Оның ішінде ауыл тұрғындары да аз емес.

Сондай-ақ осы маңдағы Қалжыр ауылында да 80 орындық спорт кешені салынуда. Қазір былтыр басталған құрылыс жұмыстарының нағыз қызған шағы. Бұл нысан да биылдан қалмай пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button