Қоғам

Ел игілігі үшін қызмет етеді

Құрметті жерлестер!

Бүгін елімізде тағы бір ерекше мереке – Мемлекеттік қызметшілер  күні аталып өтуде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тиімді әрі жемісті еңбегі мемлекетімізді нығайтуда және еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын көтеруде маңызды фактор болуы тиіс. Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың жай ғана механизмі емес, ол бірінші кезекте еліміздің, аймақтың, қаланып, тіпті шағын ғана елді мекеннің игілігі үшін әр күнін арнайтын адамдар. Олар қашан да жауапты, ұстамды, білікті және өңір тұрғындарының өтініштерін орындауда әдептілік, ашықтық және мақсаттылық кағидаттарын берік ұстанатын жандар. Шығыс Қазақстандағы барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға игілік, амандық және үлкен жетістіктер тілеймін!

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button