Сайлау-2022ТОП

Ел дамуының жаңа кезеңі басталды

Жуырда өткен Президент сайлауының қорытындысы азаматтардың Мемлекет басшысының саясатына және оның реформаларына деген сенім деңгейінің қаншалықты жоғары екендігін көрсетті.

Күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, әлеуметтік-экономикалық жағдайға елеулі қысым жасайтын бұрын-соңды болмаған дағдарыс жағдайында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы санкциялық ықпалдан қорғау, өндірістерді қолдау және дамыту, жаңа технологияларды енгізу мақсатында шетелдік инвесторларды тарту, нақты экономикалық жоспарлау және олардың іске асырылуын, орындалуын бақылау, экономиканы монополиясыздандыру және ұлттық экономикаға капиталды шетелге шығарудың жолын кесуге, жұмыссыздықты қысқартуға және нақты жұмыс орындарын құруға бағытталған шаралар есебінен инвестиция құю бойынша нақты мақсаттар мен міндеттер қойды.

Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси реформалар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізі болып саналады. Іргелі қайта құру идеологиясы азаматтар мен билік арасында сындарлы диалог құру мақсатында қоғамды біріктіруге мүмкіндік береді.

Билік институттарын қалыптастыру мен өзара іс-қимылдың жаңа моделі, Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту азаматтардың елдің саяси өміріне қатысуын кеңейтеді.

Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату, сайлау процесін жаңғырту, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өкілеттіктерін кеңейту жүйелі трансформацияға ықпал етеді және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайды. «Ертеңгі күн» саясаты, Парламенттің саяси стилінің өзгеруі, барлық партия жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі, жалпы алғанда, бюрократия мен сыбайлас жемқорлықтың етек алуына тосқауыл болады.

Мемлекет басшысының нақты белгіленген гуманистік бағыты бар бірқатар заңға қол қоюы елдегі шынайы демократиялық қағидаттар мен жүргізіліп жатқан өзгерістердің айғағы екені даусыз.

Әлеуметтік кепілдіктерді орындау, Ұлттық табысты әділ бөлу, барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отандық кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан бас тарту, салауатты бәсекелестікті дамыту – Әділетті мемлекет құрудағы басым міндеттер.

Оқытудың барынша қолайлы жағдайларын жасау еліміздің ең кішкентай азаматтарын заманауи және қауіпсіз балабақшалармен, мектептермен, тегін тамақпен, қосымша біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бала саны шамадан тыс артық және апатты мектептер мәселесін түпкілікті шешу үшін 1,5 миллион оқушы орны, 7000 заманауи мектеп кабинеті ашылады. Балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 жаңа ірі нысан салу, сондай-ақ 50 балалар сауықтыру лагерін құру жоспарлануда.

Азаматтардың сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту әрбір қазақстандықтың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін болады.

Президенттіктің бір реттік жеті жылдық мерзімі қоғам мен мемлекеттегі жаңару процесіне жаңа сапа мен динамика береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұлттық мүдделерін: мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу, мемлекеттік тілді одан әрі дамыту және практикалық қолдану, қоғамдық келісімді сақтау және халқымыздың бірлігін нығайту, мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа моделін қалыптастыру арқылы экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуды жаңғыртуды бірінші орынға қояды.

Еңбекқорлық, білімге құштарлық, заңға құрметпен қарау, өзімшілдік пен ысырапшылдыққа, тәуелділікке жиіркеніш, адамгершілік құрмет, басқаларға деген ізгі ниет және өзара көмек – бұл әрқайсымыздың мықты және Тәуелсіз Қазақстан құру үшін иеленуіміз керек құндылықтар. Қазақстандық қоғамның күші, оның қағидаттық ұстанымы қаңтардағы оқиғалардан кейін бірден басталған Қазақстанның жаңа тарихының кезеңін қалыптастырады.

Ольга Булавкина,

Қазақстан Республикасы

Парламентінің Сенат депутаты

Осы айдарда

Back to top button