Ел алдындағы жауапкершілік
Мемлекеттік қызмет дегеніміз не? Меніңше, бұл сұраққа бірден жауап беру мүмкін емес. Ол – жаһандық шапшаңдықпен дамып келе жатқан өркениетке ілесу, халық алдындағы жауапкершілік, ең бастысы, Отаныңа адал болу.
Осындай перзенттік паразымды сезінген мен 200ғ жылы облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасында жетекші маман болып, 2010 жылы аталған басқармада бас маман болып, 2012 жылдан бері осы басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келемін. Яғни, мен – мемлекеттік қызметте жоғарылау сатысы бойынша жетістікке жеткен жанмын. Бұл, әрине, айтуға ғана оңай. Себебі, үш баланың анасы бола жүріп, мемлекеттік қызметті абыроймен атқару – 12 жылғыеңбегімнің жемісі деп ойлаймын. Мен жастық жігер-күшімді осы қызметтің беделі үшін мақсатты түрде жұмсап жүрмін. Бұл – мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидасының бір көрінісі және ол біздің басқармада тұрақты жүзеге асырылып отырады.
Өзіммен бірге мекемеде қызмет етіп жүрген әріптестеріме қарап, олардың да осынау мүддеден шығып жүргеніне күнделікті көзім жетуде. Олардың игілікті ісі, біздің ел алдындағы абыройымызды арттыратыны сөзсіз. Біздің мекемедегі әріптестерден үнемі осы міндеттерді қалтқысыз атқаруға, тәуелсіз Отанымыздың мемлекеттілігін нығайта түсуге деген құлшыныстарын байқаймын.
Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеудің басты міндеті – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, сондай-ақ, азаматтардың өз елі үшін мақтаныш сезімін және Отанға қызмет етуге қашан да дайын болу сезімін одан әрі нығайта түсу. Мемлекеттік қызметші күнін мерекелегенде бұл күннің артықшылығын басқаларға жапондық үлгімен сәйкестендіре өткізсек деп ойлаймын, яғни, бұл күнде әркім халықпен сұхбаттасып, олармен бірге серуенге шығып, «жанжүрекке ену» дәстүрін немесе қазағым айтқандай «ет-бауыр араласуды» жандандырса.
…Алтай өлкесі – түркі дүниесінің алтын діңгегі. Осынау әлемге әйгілі тарихи мекенде дүниеге келген мен бабалар аманат еткен қарашаңырақ– Қазақстан атты жауһар мекенде Мен мемлекеттік қызметте жүргенімді әрқашан мақтан етемін. Елбасымыз айтқандай, мемлекеттің ар-абыройын асқақтату–әр мемлекеттік қызметкердің парызы.
Назым Мерекенова,
облыстық құрылыс, сәулет және
қала құрылысы басқармасы
әкімшілік бөлімінің басшысы