ТОП

Экспортты еселейтін жобалар қолға алынды

Didar ақпарат

2025 жылға қарай Шығыс Қазақстанда  шикізаттық емес экспорт көлемін 3 млрд АҚШ долларынан 4 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында аймақта жалпы құны 1,2 трлн теңге болатын 93 жобаның 59-ы жүзеге асты. Биыл 66 млрд. теңгенің 11 жобасы аяқталады. 2025 жылға қарай жалпы сомасы 1 трлн. теңгенің 23 жобасын жүзеге асыру көзделініп отыр.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов мысал ретінде, Өскемен Үлбі металлургия зауытында ашылған шетел АЭС-і үшін жылына 200 тонна отын шығаратын «Үлбі-ТВС» жылу бөлетін отын құрамалары өндірісін атады.

– Қазіргі күні кәсіпорын қажетті сертификациялауды жүргізіп жатыр.  Әрі қарай дайын өнім ҚХР ға экспортталады. Биылғы қараша айының соңына дейін алғашқы өнімін шығарылмақ. Бұл өндірістегі өнім көлемін 120,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді брифинг барысында Даниал Ахметов.

Облыста сондай-ақ, Ақтоғай КБК-ның өндірісін кеңейтіп, оның қайта өңдеу қуатын 25 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін жеткізуге арналған жоба жүзеге асырылған. Алғашқы кен алдағы желтоқсан айының соңына қарай өңделмек.

«Казахмыс» корпорациясы  «Айдарлы» қазба орнында қуаты 50 млн теңгеге дейін мыс кенін өндіретін тау-кен байыту комбинаты құрылысының жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Агрокешенде екі ірі күнбағыс майы зауытын салу қарастырылған, біреуі салынып бітті. Бұл – қуаты 300 мың тонналық «Qazaq Astyq Group» ЖШС зауыты.

Екінші комбинат – Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы «Алтын Шығыс» ЖШС-нің ұсақ, мульти дақылдарды қайта өңдеу зауыты. Өндірістік қуаты 300 мың тонналық зауыт келер жылы іске қосылады. Аталған жобаларды жүзеге асыру өңделген майлы дақыл өнімдерінің көлемін жылына 600 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Толық қуатына көшкен соң 1 млн. тоннаға жететін болады. Осылайша, 2022 жылға қарай өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты елге түсетін валюталық табысты төрт есеге ұлғайтады.

Тұтастай алғанда 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін 3 млрд. доллардан, 4 млрд. долларға дейін жеткізу көзделініп отыр.

Осы айдарда

Back to top button