Екпе салдырғандарға жеңілдіктер де бар
Облыста 141 мыңнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салды. Өздерін Covid-19-дан қорғағандардың бірі – Алтай ауданы, Средигорное орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Алена Сычук. Оның айтуынша, вакцинация қажет, өйткені “ХХІ ғасыр обасынан” құтылудың басқа құралдары жоқ.
– Менде тіпті қажет пе, жоқ па деген сұрақ та болған жоқ. Мен барып, вакцинация жасадым. Осындай мүмкіндік берілгеніне өте қуаныштымын. Жалпы, мен бәріне вакцинация салдыру керектігін қолдаймын. Өзім мектепте жұмыс істеймін және мектепте барынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделімін. Оқушылар үшін де, ата-аналар үшін де, мұғалімдер ұжымы үшін де, егер балалар қашықтықтан оқыса да. Бәрінен бұрын – қауіпсіздік, – дейді Алена Сычук.
Алтай ауданының мұғалімдері вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды, өйткені олардың қызметі балалармен тығыз байланысты. Білім бөлімінің кәсіподағы мұғалімдерге Алакөл көлінің жағалауына 20-дан астам жолдама бөлді.
“Казцинк” ЖШС компаниясының кәсіподағы өз тарапынан иммундауға өз еркімен ниет білдірген және вакцинаның екінші компонентін алған қызметкерлерді де көтермелейді. Кез келген аурумен ауырып, еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда жалақы толық төленеді. Сондай-ақ 50 пайыздық жеңілдікпен туристік базаларға жолдамалар ұсынылады. Мәдениет орталығының тренажер залында екпе салдырғандар үшін жаттығулар тегін болады.
– “Казцинк” үшін қызметкерлерге қамқорлық жасау бірінші орында. Сондықтан кәсіпорын жұмысшылары вакцинацияға белсенді қатысты. “Казцинк” кәсіпорнында өндіріс қызметкерлеріне ыңғайлы болу үшін егу пункттері ұйымдастырылды. Металлургтер үшін өздерін, жақындарын, әріптестерін коронавирустық инфекциядан қорғау өте маңызды, – деді Алтай қаласының “Казцинк” ЖШС қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Наталья Горбачева.
Кәмал Естай