COVID-19 

Екпе індеттің алдын алады

Қазіргі уақытта елімізде, жалпы әлемдегі сияқты жаңадан анықталған коронавирус жағдайларының саны артып келеді. Иә, қазіргі мәліметтер аурудың жақындап келе жатқан толқыны сырқаттардың күрт өсуіне әкелмейтінін көрсетіп отыр, бірақ кез келген жағдайда аурудың өсуі медицина саласына қиындық тудырады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас иммунолог-дәрігері Иван Мещеряковтың айтуынша, вакцинацияланған адамдардың пандемиямен күреске қосқан үлесі зор. Мысалы, вакцина алған азаматтардың қанында антиденелер көп, сондықтан олар облыстық қан орталығына жүгініп, аса ауыр науқастарға инфекциямен күресуге көмектесетін қан тапсыра алды.

Вакцина алған адамдар вирусқа тосқауыл болып, қоғамда инфекцияның таралуына жол бермеді. Қазіргі уақытта елімізде осал контингенттерді (дәрігерлер, күштік құрылымдар, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер) ревакцинациялау және қайта ревакцинациялау бойынша бағдарламалар іске асырылып жатыр. Бұлар – үшінші және төртінші вакцинация. Ревакцинацияны вакцинацияның негізгі курсын алғаннан кейін 6 айдан соң өту ұсынылады. Инфекцияның таралуын тек осылайша бірлесе тоқтатуға болады.

Пандемия жағдайында ана мен баланы қорғау мәселесі өзекті болып қалуда. Балаларды уақтылы егу және ревакцинациялау олардың денсаулығын сақтайды.

– Ата-аналарға айтарым, балаларыңызды жұқпалы аурулардан қорғаңыздар. Вакцинация өте қауіпті және балаңыздың денсаулығы мен болашағына теріс әсер етуі мүмкін аурулардан қорғайды. Бүгінгі таңда қызылша, қызамық, паротит, дифтерия, сіреспе, көкжөтел сияқты аурулар өте сирек кездеседі. Олар туралы шешек вирусы сияқты тек медициналық оқулықтарда ғана айтылуы керек, – дейді дәрігер Иван Мещеряков.

Елімізде 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау үшін американдық Pfizer компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасына рұқсат етілген.

Біз балаларды өткен жылдың қараша айында вакцинациялай бастадық, коронавирусқа қарсы вакцинация қарқынды жүргізілді. Менің ойымша, бұл қарқын төмендемеуі керек, өйткені жасөспірімдер, әсіресе, жаз мезгілінде, көптеген адамдар демалыста жүргенде басқа адамдармен жиі қарым-қатынас жасайды. Байланыстардың көбеюі коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін арттырады. Егер ата-аналардың баланы вакцинациялауға мүмкіндігі болса, онда екпе салдыртуы керек, сонымен қатар балаларды уақтылы қайта вакцинациялау туралы да ұмытпаған жөн, – дейді маман.

Ержан Әбіш

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button