Сайлау-2022

Экология мәселесін талқылады

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова еліміздің шығысында болып, Өскемендегі сайлаушыларымен екі бірдей сайлауалды кездесуін өткізді.

Алғашқы кездесу жергілікті экологтармен, осы салада жүрген белсенділермен өтті. Тұрсынбекованың айтуынша, облыстағы Өскемен, Риддер, Алтай қалалары ауа ластануы бойынша алдыңғы қатарда тұр.

– Еліміздің шығысы – Семей полигонының мұрагері, оның зардаптары халқымызды алаңдатып келеді. Жергілікті тұрғындар мен туристер осы аумақтағы Атомкөлде шомылады, балығын тұтынады, – деді кандидат.

Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен мектептегі буллинг тақырыбын талқылады.

– Балаларды төзімділік пен кез келген нәрсенің ақ-қарасын ажыратуға тәрбиелеуіміз керек. Егер бала өз құрдастарынан қандай да бір түрде ерекшеленсе, оны қолдау маңызды. Сондықтан ерекше балаларды ұжымға тарта отырып, қабылдау құндылықтарын сіңіру қажет. Сондай-ақ мұғалімдер де оқушыларға қысым жасайтын топтың қатарынан жиі көрініп қалады, – деді үміткер.

Осы айдарда

Back to top button