ҚоғамОблыс әкімі: бағыт-бағдар

Екі сүт фермасы салынып жатыр

«Багратион» мен «Украинка» шаруашылықтарында әрқайсы 600 басқа арналған екі роботты сүт фермасы салынып жатыр. Бұл туралы шаруашылығы қарқынды дамыған Ұлан ауданында іссапармен болған аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

Сондай-ақ аудан шаруалары картоп өсіру бойынша тамаша жоба әзірлеп, алаңдар мен тұқым қоры дайындалды. 9,8 мың гектар жер жайылымдыққа қайтарылды. Қожалық басшылары әлеуметтік жауапкершілік танытып, жолдарды жөндеп, жас мамандарға арналған пәтерлер мен клубтар салып және қалпына келтіруде.

– Бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламасы аясында Таврия мен Бозанбайда жолдар асфальтталды, денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталып қалды. Енді қазандықтың қуатын күшейту ұсынылып отыр, өйткені әлеуметтік нысандар қазір электрмен жылытылады, бұл – өте қымбат, – деді облыс әкімі.

Қасым кентінің тұрғындары үшін аурухана құрылысына жобалық-сметалық құжаттың әзірленуі қуанышты жаңалық болды. Жаңа мектеп осы күзде оқушыларды қабылдайды. Келер жылы кентте жылу желілері жөнделе бастайды.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button