БәрекелдіТОП

Екі жерлесімізге “Халық қаһарманы” атағы берілді

Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында Шығысқа сүйінішті хабар жетті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағы батыры атағына әбден лайықты ерлік көрсетіп, бірнеше рет атаққа ұсынылса да, өкінішке орай, белгісіз себептермен ол атақты ала алмаған майдангер, батыр жерлестеріміз – атақты мерген Төлеуғали Насырханұлы Әбдібековке және Александр Александрович Несмияновқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын» делінген Жарлықта.

397 немістің көзін жойған Төлеуғали атамыз майданға сол кездегі Шымкент облысынан шақырылса да, Шығыстың Жарма ауданының тумасы екені белгілі. Ол 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы, 302-ші гвардия атқыштар полкі, 2-ші атқыштар ротасының мергені болды. Екінші жерлесіміз 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы, 690-шы атқыштар полкі, 1-ші атқыштар батальонының командирі ретінде неміс басқыншыларына қарсы соғысқан. Енді міне, арада сексен жылға тарта уақыт өткенде сол олқылықтың, сол өкініштің орны толтырылып отыр.

Ал республика бойынша бұл жоғары атақ барлығы үш майдангерге берілді.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button