Қоғам

Екі балықшының денесі табылды

Былтыр күзде Зайсан көліне батып кеткен екі балықшының денесі табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға былтыр 20 қарашада болған. Екі ер адам балық аулауға кетіп, үйге оралмаған. Құтқарушылар оларды 26 күн ішінде 6-9 метрге дейін тереңге 145 рет сүңгіп су астынан іздеді. Іздеу жұмысы 16,291 шаршы шақырымдай жерде жүрігізілді, алайда нәтиже болмады.

«Сәуірде департаменттің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеу жұмысын қайта бастап, Қара Ертіс өзеніндегі Кендірлік учаскесі маңында суға батып кеткен 40 жастағы балықшының денесін тапты. Қайықпен іздегендер балықшының денесін оқиға орнынан 30 шақырым жерден тапты. Ал 19 сәуірде Тұғыл кентінің тұрғындары суға кеткен 1990 жылы туған екінші балықшының денесін Зайсан көлінен тауып, судан шығарды», деп жазылған департамент ақпарында.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button