Қоғам

Екеуі де жүлдегер

Екеуі де жүлдегер


Шығысқазақстандық «Altay athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының спортшылары АҚШ-тың Бостон қаласында өткен «Boost Boston Games» атты дәстүрлі жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Америка жерінде еліміздегі тұңғыш кәсіби жеңіл атлетика клубының намысын Кенияның желаяқ қыздары Каролин Кипкируи мен Дэйзи Джипкемей қорғаған болатын. Каролин де, Дэйзи де бес мың метрге жүгіру сайысына қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Каролин Кипкируи (нәтижесі 15 минут 55,24 секунд) жеңімпаз атанса, Дэйзи Джипкемей (15 минут 55,95 секунд) үздік үштікті түйіндеді. Олармен бірге жүлделі орынға мәре сызығын екінші кескен эфиопиялық Фотьен Тесфаи (15 минут 55,75 секунд) да ие болды.

Естеріңізге салайық, Каролин Кипкируи бұдан біраз бұрын Катар астанасы Дохада өткен биылғы «Гауһар лига» жарысының алғашқы кезеңінде де жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button