Қоғам

Екі ойында 10 шайба соқты

Екі ойында 10 шайба соқты


«Торпедо» үздік ондыққа кірді. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 17-ші және 18-ші турларында қонақта Самараның ЦСК ВВС, сондай-ақ Қазанның «Барс» командаларымен кездескен жерлестеріміз қос матчта да жеңіске жетіп, турнирлік кестедегі жағдайын біршама жақсартып алды.

Алдымен Самарада жергілікті ЦСК ВВС командасымен кездескен өскемендік ұжым шабуылшылар Андрей Белозеров, Вадим Кравченко, Максим Беляев пен Роман Бердниковтің дәл соққылары арқасында қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.

Ал келесі матчта бұдан да ірі есеп тіркелді. Татарстан астанасында жергілікті «Барспен» ойнаған «Торпедо» кездесудің 40-шы минутында 6:0 есебімен жеңіп өтті. Айдын иелері бұған бір-ақ шайбамен жауап бере алды. 6:1! Өскемендік команда сапында Александр Шин, Бренден Миллер, Евгений Рымарев (дубль), Алексей Шантыка мен Роман Бердников көзге түсті.

Осы екі жеңісінен кейін 30 ұпай жинаған «Торпедо» турнир кестесінің 10-шы сатысына тұрақтады. Келесі кездесуін торпедолықтар 3 қараша күні Б.Александров атындағы Спорт сарайында «Рязань» хоккей клубымен өткізбек. Ойынның басталуы кешкі сағат 18.30-да.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button