Қоғам

Екі дүркін Әлем чемпионы атанды

Екі дүркін Әлем чемпионы атанды


Ұлан ауданы бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, Привольное ауылының тумасы Ораз Басаров тағы бір мәрте мықтылығын дәлелдеді.

Таяуда Болгарияның Благоевград қаласында өткен қол күресінен 38-ші Әлем чемпионатында жерлесіміз қарсылас шақ келтірмей, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Айта кетейік, байрақты бәсекеге әлемнің 50-ден астам елінің спортшылары қатысқан-ды. Он күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық 2-ші орынға ие болды. Қоржынымызға алтын салған Ораз Басаров 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Ораз бұл спорт түрімен үш жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде оның спорттағы жетістіктері ауылдастарын ғана емес, бүкіл аудан, облыс жұртын қуантуда. Алдымен ел чемпионатында жеңіске жеткен ол артынша Азия чемпионы да атанған болатын. Қазір Ораз екі дүркін Әлем чемпионы атағына ие екенін де айта кеткен абзал. Оның жаттықтырушысы, қол күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Ерлан Уәлиев өз шәкіртінің жерлестерін әлі талай жеңісімен қуантатынына сенімді.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button