Оқиғалар

Екі адам балконмен бірге құлап кетті

Облыс орталығы Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің балконы сол пәтерде тұратын екі қызбен бірге опырылып құлап түсті.

Екі адам балконмен бірге құлап кеттіБұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлім етті.

Департамент мамандарының айтуына қарағанда, қаладағы Қазақстан көшесінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде тұратын екі қыз балконға шығып, әңгімелесіп тұрған кезде кетеуі кеткен ескі балкон опырылып түскен. Қыздар төменгі қабаттағы көршілердің балконына құлаған. Жарақаттары ауыр болмағандықтан олар ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button