Экономика

Егістікте қызған еңбек

Егістікте қызған еңбекҮржар ауданы аумағында үстіміздегі жылы 46 373 гектарға дәнді дақылдар, 86 070 гектарға майлы дақылдар, 2752 гектарға картоп, 1896 гектарға көкөніс егілген. Енді соны жинау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан көлемінде егілген егінді қысқа мерзімде, ысырапсыз және сапалылығын жоғалтпай жинап алу үшін егін орағына 345 комбайн, 612 жүк көлігі, 1132 трактор тіркемелері және әртүрлі астық тазалайтын машиналар жұмылдырылған.

27 ауылдық округтің барлық шаруа қожалықтары қазір үлкен науқан үстінде. Ауыл шаруалары егін ысырап болмау үшін күні-түні егіс далаларында жұмыс істеуде. Егіннің, майлы дақылдардың, бақша өнім-дерінің биыл мол шыққаны рас. Тек соны тезірек жинап алу әрі құрғақ күйінде сапалы түрде ору диқандар үшін үлкен сын. Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Қаленбек Қарашевпен сөйлескенімізде, жиналған дәнді дақылдар көлемі 29 220 гектар, ал соның бір гектарынан алынған орташа өнім 17,7 центнер екені мәлім болды. Ал осы мезгілге дейін орылған барлық өнімнің жалпы көлемі – 51 631 тонна.

Астық жинау науқанын аяқтаған ауылдық округтерде бар. Олар: Алтыншоқы, Елтай, Жоғарғы Егінсу, Науалы, Шолпан ауылдары. Бұл елді мекендер көкөністерін де тездетіп жинап алмақ.

Бейсенғазы Ұлықбек
Үржар ауданы

Осы айдарда

Back to top button