Қоғам

Егіс даласында жұмыс қызу

Глубокое ауданында көктемгі егіс науқанына дайындық қызу.

Науқан басындағы бірінші және маңызды жұмыс – жерді ылғалдандырып, тырмалау.

Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша, 8,3 мың гектар аумақ ылғалдандырылады. Бұл – болжамды жердің 10,8 пайызы. Жұмыс Березовка, Веселовка, Кожохово, Ертіс және Тәжірибе алаңы ауылдық округтерінде жүргізіліп жатыр.

– Қазір қажетті мөлшерде ұрық себіліп, себілген жердің 91 пайызы бақылаудан өтті. Сатып алынған 8,8 мың тонна минералды тыңайтқыш ауданға жеткізіліп, топыраққа енгізіліп жатыр. Көктемгі егіс жұмыстары өз уақытынан кешікпей атқарылып жатыр, – деп жазылған ресми ақпарда.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button