Қоғам

Егіс алқабын өңдеуден өткізген

Өткен жылы Шемонайха ауданында 10,2 мың гектардан астам егіс алқабының түрлі ауруларға шалдыққаны анықталған.

– 2020 жылы аудандық фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығы 10 288 гектар аумақтағы егіннің түрлі ауруларға шалдыққанын анықтаған болатын. Берілген ұсыныстарға сәйкес, егіс алқаптарының иелері аталған аумақтардағы дақылды ауруларға қарсы өңдеуден өткізді. Сонымен қатар ауданда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп штаб құрылып, аурулар мен зиянкестерге қарсы шараларды жүргізуде, – дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шемонайха аудандық аумақтық инспекциясының басшысы  Дмитрий Колтунов.

Сонымен қатар инспекция мамандары ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып, жыл сайын ауданның айналасындағы шекараларын үш шақырымдық ендікте зиянкестер мен түрлі аурулардың болуына қатысты зерттеулер жүргізіп отырады.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button