Еңбеккерлердің еңбекақысын 10 пайызға арттырамыз
Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары жетекшілерінің
ҮНДЕУІ
Құрметті НҰРСҰЛТАН Әбішұлы
Біз, Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес өкілдері, Сіздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғырту және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жүргізіп отырған сындарлы саясатыңызға қолдау білдіреміз.
Ұлттық валюта бағамына жасалған өзгеріс пен макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған шараларды түсіністікпен қабылдаймыз. Теңге бағамына өзгеріс енгізілуі отандық өндірістің дамуына, инвестиция ағынына, жұмыспен қамтудың ұлғаюына септігін тигізіп, түпкі нәтижесінде азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретініне сенеміз.
Былтыр біздің облыстың экономикасының түрлі салаларына көрсетілген мемлекеттік қолдау 50 миллиард теңгеден асты. Мемлекет тарапынан жасалған осындай қамқорлықты сезіне отырып, біз Сіздің биылғы Жолдауыңыздағы және ағымдағы жылдың 14-ақпанындағы Үкімет мәжілісінде алға қойған міндеттеріңіз бен тапсырмаларыңызды орындауға үлес қосуды парыз деп санаймыз.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін түсіне және Сіздің шақыруыңызға үн қоса отырып, біз өз кәсіпорындарымыздағы еңбеккерлердің еңбекақысы 10 пайызға арттырылуын қамтамасыз етеміз.
Біз бұл үндеуіміз арқылы еліміздің агроқұрылымдарының барлық басшылары мен кәсіпкерлерді Қазақстанның одан әрі дамуын қамтамасыз етуге және өз кәсіпорындарындағы еңбеккерлерінің еңбекақысын арттыру туралы Сіздің бастамаңызды қолдауға шақырамыз.
Өзіңізге деген үлкен құрметпен: Ерлан Зәйтенов, «Е.Зайтенов» шаруа қожалығы, Владимир Акулов, «Камышинское-2» ЖШС, Серік Толықпаев, «Айтас» компаниялар тобы, Владимир Воропай, «Багратион» ЖШС, Мұхит Тұмабаев, «Агрофирма Приречное» ЖШС, Ержан Нұрбаев, «ВостокАгроХолдинг» ЖШС, Фарид Абитаев, «Астана Бизнес» ЖШС, Петр Дягелев, «Средигорнинский» ЖШС, Руслан Виситаев, «Виситаев» шаруа қожалығы, Болат Бекбердинов, «Елім-ай Көкпекті» шаруа қожалығы, Александр Бурдаков, «Уваровское» шаруа қожалығы, Алексей Дель, «Глубочанка» шаруа қожалығы, Владимир Майер, «Майер» шаруа қожалығы, Қайрат Қожахметов, «Шәмшия» шаруа қожалығы, Есенбек Мәмбетов, «Мамбет» шаруа қожалығы, Бақытбек Шаймарданов, «Красный партизан» шаруа қожалығы, Майдан Сағынқұмаров, «Сагинкумаров» шаруа қожалығы, Сергей Смирнов, «Плюс» ЖШС, Сергей Огнев, «Фаворит» ЖШС, Петр Лазарев, «Лазарев и К» ЖШС, Василий Айтқазин, «Айтқазин» шаруа қожалығы, Александр Суховирков, «Ас» ЖШС, Николай Молотков, «СП ВГ-Пласт» ЖШС, Сергей Зиновьев, «Милка» ЖШС, Владимир Старцев, «ШыгысСтройИндустрия» ЖШС, Александр Глушаков, «Добрый доктор» ЖШС, Юрий Титов, «Корпорация «Успех Восток» ЖШС, Александр Коровиков, «КЭШ» ЖШС, Владимир Дереглазов, «Құндыз» ЖШС, Тасболат Битенов, «Дерикар Ертіс» ЖШС, Теміржан Адилев, «Лана» шаруа қожалығы, Қуат Әбжанов, «СМУ «Шығыс» ЖШС, Алексей Полянский, «Дородница» шаруа қожалығы, Сұлтан Желдібаев, «Жанат» шаруа қожалығы, Владимир Демышев, «Азот» өндірістік кооперативі, Сергей Дуткин, «Дуткин Сергей Николаевич» шаруа қожалығы, Мейрам Садықов, «Садыков Мейрам Кенисбекович» жеке кәсіпкерлігі, Роман Ларионов, «Ларионов Роман Сергеевич» жеке кәсіпкерлігі, Алтай Ақылтаев, «Ақылтаев» жеке кәсіпкерлігі.