Қоғам
Еңбек ардагерін қабылдады

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ «Еңбек даңқы» ордендерінің толық кавалері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Зәмза Қырықбаевты қабылдады.
Зәмзә Қырықбаев – Өскемен қаласында өмір бойы автобус жүргізушісі болып, ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген жан. Ол зейнеткерлікке шыққан соң да қатардан қалмай, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады, әсіресе, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне ден қояды.
Кездесу барысында Зәмза Қырықбаев аймақ басшысына жүрекжарды алғысын жеткізіп, ақ батасын берді. Облыс әкімі ардагерді Ұлы Отан соғысының 70 жылдығымен құттықтап, адал да үлгілі еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, құрмет көрсетті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі